"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

«Сұрмерген ару – сымбат пен дәлдік символы»

05.02.2026

«Сұрмерген ару – сымбат пен дәлдік символы»

Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде 05 ақпан 2026 жылы «Мерген ару – 2026» сайысы өтті.«2026 жылғы спорт апталығының ең жарқын сәттерінің бірі — 10-11 сынып қыздары арасында өткен «Мерген ару – 2026» сайысы болды. Бұл додада аруларымыз тек сұлулықты емес, сонымен қатар мергендік пен темірдей төзімділікті паш етті.

Спорт апталығының жоспарына сәйкес, жоғары сынып оқушылары арасында дәлдік пен шеберлікті анықтайтын «Мерген ару – 2026» сайысы ұйымдастырылды. Сайыс барысында қыздар нысана көздеу кезеңдері бойынша бақ сынасты. Жарыс өте тартысты өтіп, қатысушылар өздерінің мергендік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Нәтижесі:

І орын: 10 “А” сынып командасы

ІІ орын: 11 “Б” сынып командасы

ІІІ орын: 10 “Ә” сынып командасы иеленді.

Жеңімпаздардан бөлек, қатысушы аруларды мынадай аталымдармен марапаттауға болады:

«Дәлдік ару» – нысанаға бірде-бір мүлт кетпей тигізген оқушылар арасында, ұпайы бойынша

1 орын - Ахмедиянова Саида

2 орын - Өтеген камила

3 орын - Байгабылова  Аружан атағын иеленді.

Сайыс барысында бойжеткендер нысананы дәл көздеуден сынға түсіп, әрбір ұпай үшін тартысты ойын көрсетті.

Бұл іс-шара қыздардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, оларды салауатты өмір салтына, жинақылық пен табандылыққа тәрбиелейтіні сөзсіз. Жеңімпаз аруларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Просмотров: 74


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Ұйымдар тізімі
Текст