"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"
Шахмат — ой алыбы: Мектепте интеллектуалды дода өтті
05.02.2026
Мектебімізде дәстүрлі «Спорт — денсаулық кепілі» атты спорт апталығы салтанатты түрде шымылдығын түрді. «Шахмат — ой алыбы» атты ата-аналар мен оқушылар арасындағы интеллектуалды турнир ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың қисынын дамытып, ата-ана мен мектеп арасындағы алтын көпірді нығайту. Шаршы тақта үстіндегі бәсекеде -сынып оқушылары мен олардың әкелері мен аналары бақ сынасты. Турнир барысында қатысушылар нағыз стратегтерге тән сабырлылық пен тапқырлық көрсетті. Әсіресе, балалардың үлкендерге лайықты қарсылық көрсетіп, күрделі комбинациялар құруы көрермендерді тәнті етті. Ойын қорытындысы бойынша ең зерек қатысушылар анықталып, « марапатталды. «Бұндай іс-шаралар балалардың мектепке деген сүйіспеншілігін арттырып, бізді, ата-аналарды, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Шахмат — бұл тек ойын емес, бұл үлкен тәрбие мектебі», — деп бөлісті қатысушы ата-аналардың бірі. Спорт апталығының ашылуы нағыз мерекеге айналды.