28.01.2026
Өнерлі отбасы – өнегелі ұрпақ кепілі
Мектебімізде «Отбасылық таланттар – бірлікте жарқырайды» атты кең көлемді шығармашылық байқау өтті.
№2 жалпы орта білім беретін мектебіндемектебіміздің “Qadam” мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша, “Даналық мектебі” аясында “Үштік одақ” жұмысын дамыту мақсатында 3-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен өткен «Отбасылық таланттар – бірлікте жарқырайды» атты байқау нағыз өнер мерекесіне айналды.
Шара соңында барлық қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Атап айтқанда:
1 орын – 3 «Ә» сынып Жарқын Әбілмансұр Төлуұлы анасы Меңдібай Айгүл Серікқызымен
2 орын – 3 «З» сынып Рамазан Аяжан Толеугазыевна анасы Рамазан Аяла
3 орын – 3 «Қ» сынып Жангирова Маржан Ғайниқызы анасы Марат Сания Даниярқызы отбасылары иеленсе.
«Өнерлі отбасы» - 3"Ғ" сынып - Бахадир Асем анасы Умаркулова Акуль Алибековна
«Сахна көркі» - 3 "Б" сынып Мантай Анел анасы Андирова Көркем
“Бірлігі жарасқан отбасы” - 3 “А” сыныбы Дарыбаева Айгерим анасы Русланқызы Айнамкөз- номинациясы отбасыларына бұйырды.