02.02.2026
Еліміздегі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құндылықтарын дәріптеу мақсатында, Қосшы қаласы “№2 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ -де 02 ақпан 2026 жылы «Даналық» мектебінің спорт апталығы аясында аналар арасында волейболдан «Аналар лигасы» турнирі дүркіреп өтті. Салауатты өмір салтын насихаттап, мектеп пен ата-ана арасындағы алтын көпірді нығайтқан бұл дода нағыз жасампаздық пен бірліктің үлгісіне айналды.
«Адал азамат» тұжырымдамасының басты мақсаты – жауапты, еңбекқор және рухани бай тұлға қалыптастыру. Ал баланың бойындағы осы қасиеттердің алғашқы іргетасын қалаушы – әрине, Ана. Осыны басты назарға алған «Даналық» мектебінің ұжымы спорттық доданы тек жарыс емес, үлкен тәрбие алаңы ретінде ұйымдастырды. Іс шараға жауапты болып Шакимов Берік Жеңісұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рыскүл Ыбырайқызы болды.
Волейбол жарысына мектебіміздің аналарынан 4 команда құралды. “Жеңіс”, “Қырандар”, “Жұлдыздар”, “Алау” командалары құрылды. Жарыс қорытындысы бойынша ең үздік ойын өрнегін көрсеткен командалар кубоктармен және мектеп әкімшілігінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Атап өтер болсақ: 1 орын - “Алау” тобы, 2 орын - “Жұлдыздар”, 3 орын - “Қырандар”, “Жеңіс” иеленді. “Үздік ойыншы”- Асан Қарлығаш, “Үздік шабуылшы”-Хамзина Ақмарал, “Үздік жалғаушы” - Оспанхан Самал иеленді.