Текст
20.01.2026
“Өнегелі өмір – заңды құрметтеуден басталады” атты кездесу 9-сынып оқушыларымен аталар қатысуымен өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілік туралы түсінік беру;
Қоғамдағы тәртіп пен моральдық құндылықтарды насихаттау;
Өнегелі өмірге тәрбиелеу арқылы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Міндеттері:
Аталардың өмірлік тәжірибесі арқылы балаларға өнегелі өмірдің үлгісін көрсету;
Оқушыларға заңды сақтау, ережелер мен нормаларды құрметтеу қажеттілігін түсіндіру;
Қоғамдық іс-шараларға қатысу арқылы балалардың әлеуметтік белсенділігін дамыту.
Кездесу оқушылардың құқықтық және моральдық білімін нығайтып, өнегелі өмірге деген қызығушылығын арттырды.