"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

«ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өтті

19.01.2026

«ДосболLIKE» бағдарламасы бойынша сынып сағаттары өтті

Мектебімізде «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында тәрбиелік бағыттағы сынып сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен бірлікті қалыптастыру, жағымды психологиялық ахуал орнату.

Мақсаты

Оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал ету, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, бір-бірін құрметтеуге, түсінуге және қолдауға үйрету, сынып ұжымында ынтымақтастықты нығайту.

Міндеттері

  • Оқушылардың өзара қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

  • Достық, сыйластық, жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру;

  • Топта жұмыс істеу мәдениетін жетілдіру;

  • Қақтығыстардың алдын алу;

  • Сыныпта жағымды психологиялық климат құру;

  • Әр оқушының өзін еркін, сенімді сезінуіне жағдай жасау.

Сынып сағаттарының барысы

Сынып сағаттары барысында түрлі тренингтер, сергіту жаттығулары, топтық жұмыстар және пікір алмасулар ұйымдастырылды. Оқушылар «Біз – ортақ шаңырақ астындамыз», «Достық – біздің күшіміз», «Өзіме ұқсайтын үй» сияқты тақырыптар арқылы бір-бірін жақыннан танып, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.

Тренингтік жаттығулар кезінде балалар бір-біріне жылы сөздер айтып, жағымды қасиеттерін атап, өзара сенім мен қолдауды сезінді.

Нәтижесі

Өткізілген сынып сағаттарының нәтижесінде сыныптағы өзара қарым-қатынас жақсарып, оқушылар арасында достық, сыйластық және ынтымақтастық нығайды. Балалардың белсенділігі артып, жағымды психологиялық ахуал қалыптасты.

Қорытынды

«ДосболLIKE» бағдарламасы аясындағы сынып сағаттары оқушылардың тұлғалық дамуына, ұжымдық бірліктің қалыптасуына және мектептегі жағымды орта құруға өз үлесін қосты.

Просмотров: 53


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Ұйымдар тізімі
Текст