14.01.2026
/public/files/2026/1/19/190126_115312_whatsapp-video-2026-01-15-at-204933-1.mp4
2026 жылғы 14 қаңтарда Қосшы қаласындағы №2 орта мектебінде екінші жартыжылдықтың №1 әдістемелік бірлестік жетекшілерінің отырысы өткізілді.
Отырыстың күн тәртібіне төмендегі мәселелер енгізілді:
2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығына арналған оқу-тәрбие жұмысына аналитикалық талдау жүргізу;
ІІІ тоқсанда жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспарын бекіту;
Бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) кестелерін қарастыру;
Сабақ барысында ұтымды әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану мәселелері;
Білім беру үдерісінде жасанды интеллект (ЖИ) платформаларын қолдану аясы;
Үлгерімі төмен білім алушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары;
Оқушылардың ғылыми жобаларын жүйелі түрде ұйымдастыру және жетілдіру жолдары;
Жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету тетіктері.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша директордың ақпараттық басқару жөніндегі орынбасары Караталова Арайлым Муратбековна сөз сөйлеп, жоспарға сәйкес әдістемелік-ұйымдастырушылық нұсқаулықтар беріп, өзекті бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шахманова Адигул Қабылқызы бөлімдік және тоқсандық жиынтық бағалауды әзірлеу талаптары мен кестесін таныстырып, әдістемелік бірлестік жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Қабылданған шешімдерге сәйкес, алдағы уақытта әрбір әдістемелік бірлестік бойынша жоспарлы отырыстар өткізу көзделіп, педагогтердің оқу-әдістемелік жұмыстарға толыққанды қатысуы мен ақпараттандырылуын қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.
Сондай-ақ бірлестік жетекшілерімен “ОЙ ҚОЗҒАУ” мақсатында сұрақтар таратылып, жауаптар алынды. Өте шапшаңдықпен жауап беруге тапсырылған сұрақтарға мықты жауаптар алынып, кері байланыс жүргізілді.
“Кеңеспен шешкен шешімнің
Кемісі болмас”- дегендей ынтымақтаса өткізген отырысымыз өз шешімін тапты.