15.01.2026
/public/files/2026/1/19/190126_115009_whatsapp-video-2026-01-15-at-204441-2.mp4
2026 жылғы 15 қаңтар күні
мектепте «Шығармашыл көшбасшылар» тобының III тоқсанда жүзеге асырылатын жұмыс жоспары таныстырылды.
Аталған жоспар 8–9-сынып оқушыларының оқу үлгерімін арттыруға, білім сапасын жақсартуға және пәндік қиындықтарды жүйелі түрде анықтап, түзетуге бағытталған.
Жоспар аясында келесі бағыттар қамтылды:
оқушылардың оқу үлгерімін арттыру;
білім сапасын жақсарту;
пәндік қиындықтарды анықтау;
білім олқылықтарын диагностикалау;
«диагностика – әрекет – талдау» циклі негізінде жүйелі түзету жұмыстарын жүргізу;
мектепаралық байланысты нығайту;
Ашық есік күнін ұйымдастыру;
ата-аналармен тиімді кері байланыс орнату.
Күтілетін нәтижелер:
білім сапасының оң динамикасы;
жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізу;
педагогтердің кәсіби дамуы мен ынтымақтастығының артуы.
Сонымен қатар, педагогтерді жасанды интеллект (ЖИ) платформаларымен таныстырып, оларды сабақ үдерісіне енгізуге әдістемелік қолдау көрсететін арнайы жұмыс тобы құрылды.
Топ жетекшісі: Ахметова Гаухар Болатовна.
Алдағы уақытта аталған жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың білім деңгейі нығайып, сапалы білім көрсеткіштері жоғары деңгейге көтеріледі деп күтілуде.
Өткізген:
ДАІБЖО – Арайлым Муратбековна