16.01.2026
/public/files/2026/1/19/190126_114442_whatsapp-video-2026-01-16-at-201227.mp4
2026 жылғы 16 қаңтарда мектебімізде серіктестік орталық — «Zerdeli» оқу орталығынан Кенжехан Нығмет мырза мен Алима ханымның қатысуымен семинар-практикум өткізілді.
Іс-шара барысында қонақтар оқу орталығының бүгінгі таңдағы тың жаңалықтарымен таныстырып, білім беру үдерісінде қолданысқа енген оқулықтарын ұсынды.
Семинар жұмысы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында құрылған «IQ orda» шығармашылық тобы және жетекшісі Бакинова Жулдыз Мадиевнамен бірлескен жұмыстармен жалғасты. Шығармашылық топтың жоспары талқыланып, өз тараптарынан бірқатар толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар алдағы уақытта олимпиадаларға дайындық жүргізетін командалар құру қажеттілігі атап өтіліп, ұстаздармен тығыз байланыс орнатып, әдістемелік көмек көрсетілетіні айтылды.
Іс-шара барысында ерекше жаңалық ретінде ұстаздарға арналған «Логикалық есептер шығарудың ұтымды жолдары» тақырыбындағы МАТКЛУБ жұмысының басталғаны жарияланды.
Осындай үлкен мүмкіндіктер ұсынып отырған «Zerdeli» оқу орталығына мектебіміздің директоры Раева Оксана Хакимовна өз ризашылығын білдірді.
Іс-шараға жауапты:
ДАІЖО — Караталова Арайлым Муратбековна