06.01.2026
Қысқы демалыс кезеңінде 10–11-сынып оқушыларына тәрбиелік және мотивациялық мақсатта «Ұстаз» көркем фильмін көру ұсынылды.
Фильмді көру арқылы оқушылардың:
• ұстаз еңбегінің маңызын түсінуі;
• жауапкершілік пен таңдау ұғымдарына ой жүгіртуі;
• ҰБТ-ға дайындықтағы табандылық пен еңбектің рөлін сезінуі;
• ұстаз бен оқушы арасындағы шынайы қарым-қатынасты ұғынуы көзделді.
Оқушыларға фильмді мұқият, соңына дейін көру және көрген әсерлері бойынша шығармашылық жұмыс (ой-толғау, пікір, «Бір кадр – бір ой» форматы) орындау тапсырылды.
Тапсырмаларды қабылдау мерзімі: 06 қаңтар 2026 жыл,
жіберу орны: WhatsApp чаты.
Нәтижесінде, берілген тапсырманы тек 10 «А» сынып оқушысы Асылхан Анель толық әрі талапқа сай орындап, өз жұмысын уақытында жіберді.
Оқушының жұмысы фильм мазмұнын терең түсінгенін, ұстаз тұлғасына құрметпен қарайтынын, ой қорыту және талдау қабілетінің жоғары екенін көрсетті.
Қалған 10–11-сынып оқушыларынан белгіленген мерзімде жұмыстар келіп түскен жоқ.
Аталған тапсырма оқушылардың жауапкершілігін арттыру, тәрбие жұмысының тиімділігін күшейту қажеттігін көрсетті. Алдағы уақытта мұндай жұмыстарды сынып сағатымен, талқылау форматымен немесе бақылау тетіктерін күшейту арқылы жүргізу ұсынылады.
Жауапты мұғалім:
Әсел Ибрагимқызы