08.01.2026
«Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында мектепте Заң және тәртіп айлығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
Ашылу салтанатына мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының заңдары, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық тәртіпті сақтау маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға құқықтық тақырыптағы бейнероликтер көрсетіліп, заңға бағынудың маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар, айлық аясында өтетін іс-шаралар жоспары таныстырылып, құқықтық тәрбиеге бағытталған тәрбие сағаттары, кездесулер, сайыстар мен пікірталастар ұйымдастырылатыны айтылды.