11.12.2025
№2 Қосшы орта мектебінде 10–11 сынып оқушыларына арналған “Зорлық-зомбылыққа жол бермейміз” тақырыбында тәрбиелік мақсаттағы тренинг өткізілді. Іс-шара барысында тәрбие бөлімінің жетекшілері – Опабеков Алтынбек Уәлиұлы, Рыскүл Ыбырайқызы және ДАБІБО маманы Караталова Арайлым Мұратбекқызы – зорлық-зомбылықтың түрлері, оның зардаптары және одан қорғау тетіктері жөнінде кең көлемде ақпарат берді.
Тренинг барысында оқушылармен пікірталас, жағдаяттық талдау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған интерактивті жаттығулар ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жасөспірімдерге өз құқығын білу, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және зорлық-зомбылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтті және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды кездесу ретінде өз нәтижесін берді.