"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

«Заң және тәртіп» тақырыбында 10–11 сынып оқушыларымен жиналыс өтті

11.12.2025

«Заң және тәртіп» тақырыбында 10–11 сынып оқушыларымен жиналыс өтті

Мектебімізде 10–11 сынып оқушылары арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбиелік маңызы жоғары жиналыс өткізілді. Кездесу барысында оқушыларға құқықтық мәдениетті арттыру, мектеп ережелерін сақтау, қоғамдағы заң талаптарын орындаудың маңызы түсіндірілді.

Шарада құқықтық жауапкершілік, киберқауіпсіздік, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау жөнінде маңызды ақпараттар берілді. Сондай-ақ оқушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң талаптары туралы пайдалы мәлімет алды.

Жиналыстың негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіпке баулу және заңды құрметтеу құндылықтарын қалыптастыру болды.

 

Просмотров: 68


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Ұйымдар тізімі
Текст