"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

"Жеңісімді еліме арнаймын!" челленджі Альмурат Амірхан 8 сынып оқушысы

11.12.2025

"Жеңісімді еліме арнаймын!" челленджі

Альмурат Амірхан
8 сынып оқушысы
Амірхан өз таланты мен табандылығын дәлелдей білген жас спортшы. Ол киокушинкай каратэ бойынша өткен ашық турнирде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі орыннан көрінді. Оқушы қолында жеңіс символы болып саналатын кубогымен марапатталды.
Кеудесіндегі жарқыраған медаль — оның еңбегі мен қажырлы дайындықтарының жемісі.
Бұл жетістік — жас спортшының төзімділігі мен мақсатқа деген адалдығының айқын көрінісі. Ол өз нәтижесі арқылы мектеп абыройын асқақтатып, құрдастарына үлгі бола білді. Спорттық додада көрсеткен шеберлігі, жігері мен қайсарлығын атап өтуге болады.
Амірхан — жас өреннің үлкен жеңістерге бастар жолының жарқын бастамасы. Оның бүгінгі табысы — ерінбеген еңбектің, жаттықтырушы еңбегінің және отбасылық қолдаудың нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жүлделер қоржынын толықтыра береріне сенім мол.

Просмотров: 70


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Ұйымдар тізімі
Текст