09.12.2025
Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде «Даналық» клубының «Кемеңгер» ұйымының мүшелері 7 «Ә» сыныбының оқушыларымен бірге «Ырым–тыйым — әдептілік негізі» атты тәрбиелік мәні зор кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты — қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ырым-тыйымдарының тәрбиелік мәнін түсіндіру, оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу.
Іс-шара барысында:
оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлер туралы мәліметтер берілді;
күнделікті өмірде қолданылатын тыйым сөздер мен олардың мәні талқыланды;
«Жақсы ырым – жақсы ниеттен туады» тақырыбында пікір алмасу ұйымдастырылды;
оқушылар өздері білетін ырымдар мен тыйымдарды ортаға салып, олардың тәрбиелік мазмұнын талдады.
Кездесу жылы атмосферада өтіп, оқушылар ұлттық құндылықтардың адамгершілікке бастайтын негізгі жол екенін ұғынды.