09.12.2025
Қосшы қаласының прокуроры білім беру ұйымдарында құқықтық мәдениетті арттыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, олардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіру болды.
Кездесу барысында прокурор жасөспірімдерге:
кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі,
құқық бұзушылықтың түрлері және оған әкелетін себептер,
буллинг пен кибербуллингтің алдын алу жолдары,
интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері,
қауіпті мінез-құлық белгілері және оларды болдырмау тәсілдері,
жасөспірімдердің конституциялық құқықтары мен міндеттері жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, прокурор нақты өмірлік мысалдар келтіріп, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған практикалық кеңестер ұсынды. Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар өз сұрақтарын қойып, құқықтық тұрғыда маңызды мәселелер бойынша кәсіби жауап алды.
Мұндай тәрбиелік бағыттағы кездесулер жасөспірімдердің заң талаптарын терең түсінуіне, құқықтық мәдениетінің артуына, жауапкершілік сезімінің қалыптасуына және қоғамға пайдалы, саналы азамат болып өсуіне үлкен ықпал етеді. Мектеп әкімшілігі осындай шаралардың оқушыларға берер тәрбиелік мәні зор екенін атап өтіп, прокуратура қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.