"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

«Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында 5-сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді

08.12.2025

Мектепте 2025 жылдың 08.12.2025 жұлдызында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында 5-сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің адамның денсаулығына тигізер кері әсері туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ көркемдік қабілеттерін дамыту болды.

Іс-шараға 5-сыныптың барлық оқушылары белсене қатысып, өз шығармашылық жұмыстары арқылы нашақорлықтың зияны және оған қарсы қоғамның бірлігі туралы ойларын ашық жеткізе білді. Оқушылардың суреттері мазмұны, идеясы, орындау шеберлігі және көркемдік ерекшеліктері бойынша әділқазылар алқасымен бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар жеңімпаз атанып, арнайы мақтау қағаздары мен марапаттар табысталды. Сонымен қатар белсенді қатысқан бірқатар оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара оқушылардың бойында жауапкершілік, салауатты өмір салтына деген көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілетін арттыруға оң әсерін тигізді.

Просмотров: 82


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Ұйымдар тізімі
Текст