"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 города Косшы отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

Республикалық «ЖАС ҰЛАН»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 6, 7, 8 сыныптың үздік оқушыларын қатарына салтанатты түрде қабылдау

04.12.2025

Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің

Республикалық «ЖАС ҰЛАН»бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының

6, 7, 8  сыныптың үздік оқушыларын қатарына салтанатты түрде

 қабылдау рәсімі өтті.

Өткізілген күні: 04.12.2025

 

Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Республикалық «ЖАС ҰЛАН» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына  6, 7, 8 - сыныптың үлгілі, белсенді және үздік оқушыларын салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті.

Бұл мерекелік шара жас ұрпақты отаншылдыққа, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулуды көздейтін маңызды тәрбиелік іс-шара ретінде ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты:

оқушылардың бойында елжандылық сезімін қалыптастыру;

мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген оқушыларды ынталандыру;

жас өрендердің білімге, өнерге, ұстаз еңбегін құрметтеуге деген құлшынысын арттыру;

«Жас Ұлан» ұйымы арқылы оқушыларды көшбасшылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

оқушыларды ұйымның ережелерімен, құқықтары мен міндеттерімен таныстыру;

мектептегі өзін-өзі басқару жұмыстарын жандандыру;

оқушылардың шығармашылық және әлеуметтік белсенділігін дамыту;

ел болашағына қызмет ететін саналы, тәртіпті, білімді тұлға қалыптастыруға ықпал ету;

«Жас Ұлан» қатарындағы оқушылардың қоғамға пайдалы жобаларға қатысуына жағдай жасау.

Салтанатты рәсім барысында үздік оқушыларға көк галстук тағылып, олар Қазақстанның адал, білімді, тәрбиелі азаматы болуға ант берді. Ұстаздар қауымы мен ата-аналар жас тұлғаларға ақ тілектерін білдіріп, олардың жарқын болашаққа нық қадам басуына сенім артты.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар:

04.12.2025

  • Қосшы қаласы білім бөлімінің әдіскері - Макенова Асль Жамбуловна
  •  Қосшы қ. Төтенше жағдайлар бөлімі 35 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (ТЖБ 35-МӨСБ) аға инженери азаматтық қорғау капитаны - Кожагелди Алмас Хамитович
  •  Жастар ресурстық орталығының жастармен жұмыс маманы -  Тарғынова Лаура Сейлханқызы 
  •  Қосшы қаласының жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы - Суиндикова Азия Ерулановна
  •  Участковый инспектор полиции Капитан - Орынбек Азат Шермухамедулы

 

 

 

Просмотров: 76


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Ұйымдар тізімі
Текст